
ZIYATKER /БАСҚАРУ ЖӘНЕ ДАМУ
Мектеп-лицей әкімшілігі
Мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үдерісін, басқару және даму бағыттарын үйлестіретін әкімшілік құрамы.

Әкімшілік құрамы

Мектеп-лицей директоры
Оқу орны: Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институты, 1988 жыл
Мамандығы: Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Біліктілік санаты: педагог - зерттеуші
Біліктілігін арттыру курсы: "Білім берудегі менеджмент" білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
Еңбек өтілі: 38 жыл
Жетістіктері, марапаттары: "Алғыс хат" Білім және ғылым минстрлігі, 2007 ж. "Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін" жергілікті ерекшелік белгісі, №000040, 2021 жыл, Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет Грамотасы, 2024 ж.№001821.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оқу орны: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – «Химия» (бакалавр), Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті – «Химия» (магистр).
Мамандығы: Химия пәні мұғалімі
Біліктілік санаты: педагог - зерттеуші
Біліктілігін арттыру курсы: "Білім берудегі менеджмент" білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
Еңбек өтілі: 10 жыл
Жетістіктері, марапаттары: «Алғыс хат», «ҚР-ның білім саласына қосқан үлесі үшін» ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Құрмет Грамотасы, Қызылорда облыстық білім басқармасы, «Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін», Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты — Сыр өңірінің білім саласын өркендетуге қосқан үлесі үшін.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оқу орны: Қызылорда қаласы, ”Болашақ” университеті
Мамандығы: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік санаты: педагог - зерттеуші
Біліктілігін арттыру курсы: "Білім берудегі менеджмент" білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
Еңбек өтілі: 22 жыл
Жетістіктері, марапаттары: Алғыс хат. Қызылорда қаласының әкімі. 2023ж,, Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2022ж., Жыл көлемінде өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында қосқан үлесі мен “Қашықтықтан оқыту” барысында белсенділік танытқаны үшін Қызылорда қаласының білім бөлімінің Құрмет грамотасы, 2020ж.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Оқу орны: Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Біліктілік санаты: педагог - зерттеуші
Біліктілігін арттыру курсы: "Білім берудегі менеджмент" білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
Еңбек өтілі: 29 жыл
Жетістіктері, марапаттары: Қазақстан Республикасы оқу- ағарту Министрлігінің Алғыс хаты, Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасы

Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
Оқу орны: Қызылорда қаласы, Болашақ университеті.
Мамандығы: Информатика пәні мұғалімі
Біліктілік санаты: педагог-модератор
Еңбек өтілі: 15 жыл
Жетістіктері, марапаттары: Білім беру ісінің құрметті азаматы төс белгісімен марапатталған.

Директордың шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары
Оқу орны: әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты
Мамандығы: Кітапханашы-библиограф
Еңбек өтілі: 49 жыл
Жетістіктері, марапаттары: Ы.Алтынсарин атындағы медаль, Тейлор атындағы алтын медаль, Ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған.
Бір мақсат — сапалы білім
Мектеп-лицей әкімшілігінің басты мақсаты — сапалы білім беруге, қолайлы орта қалыптастыруға және әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау.