
Ziyatker Innovative School Lyceum – әр оқушының қабілетін ашуға, заманауи білім мен инновациялық тәсілдерді ұштастыруға бағытталған мектеп.
Мекенжайы
Қызылорда қ., Е. Демесинов көшесі, 32
Құрылған жылы
2019
Оқушылар саны
500+
Педагогтер саны
53
Халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім беру.
Жаңа технологиялар мен заманауи әдістер.
Оқушыларымыздың жоғары нәтижелері.
Лидерлік қасиеттер мен өмірлік дағдылар.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
2026–2027 оқу жылының басталуына орай мектепте педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастыру, жұмыс оқу жоспарлары, педагогтердің оқу жүктемесі, сынып комплектілері, сабақ және қоңырау кестесі, әдістемелік бірлестіктер мен тәлімгерлік жұмысы, қосымша білім беру үйірмелері, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқулықтармен қамтамасыз ету, білім алушылардың қауіпсіздігі мен мектептің жұмыс режимі мәселелері қаралды.
Сонымен қатар 5-сынып оқушыларын лицей сыныбына қабылдау емтиханының қорытындылары және 9-сынып бойынша үздік аттестатқа үміткерлер тізімі талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды.