
ZIYATKER / БАСҚАРУ ЖӘНЕ ДАМУ
Алқалы органдардың 2026–2027 оқу жылындағы жұмысы

11.09.2026 жыл
2026–2027 оқу жылының жоспарына сәйкес мектеп-лицейде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, бейәлеуметтік әрекеттердің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті кеңес отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде оқушылардың ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, сабақтан себепсіз қалу жағдайлары, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ ювеналды полиция инспекторымен және ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп-лицейдің әлеуметтік-психологиялық қызметінің алдын алу шараларының тиімділігі талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша оқушылар арасында тәртіпті нығайтуға, профилактикалық кездесулерді жиілетуге бағытталған тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған тапсырмалар жүктелді.
08.09.2026 жыл
«Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінде директор жанындағы кезекті кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде оқу-тәрбие үдерісінің ағымдағы барысы, мектеп-лицейдің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы, оқушылардың сабаққа қатысуы мен білім сапасы, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, еңбек тәртібі, білім алушылардың қауіпсіздігі мен мектеп асханасындағы тамақтану сапасын бақылау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар мектепішілік бақылаудың аралық қорытындылары мен педагогтердің оқу бағдарламаларын орындау деңгейі талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеліп, тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.
28.08.2026 жыл
2026–2027 оқу жылының басталуына орай мектеп-лицейде педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастыру, жұмыс оқу жоспарлары, педагогтердің оқу жүктемесі, сынып комплектілері, сабақ және қоңырау кестесі, әдістемелік бірлестіктер мен тәлімгерлік жұмысы, қосымша білім беру үйірмелері, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқулықтармен қамтамасыз ету, білім алушылардың қауіпсіздігі мен мектеп-лицейдің жұмыс режимі мәселелері қаралды.
Сонымен қатар 5-сынып оқушыларын лицей сыныбына қабылдау емтиханының қорытындылары және 9-сынып бойынша үздік аттестатқа үміткерлер тізімі талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды.